Жас теннисші Қатарда жүлдеге ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Назерке Болатбек Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Contender атты халықаралық турнирде үшінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол 13 жасқа дейінгі жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Турнир барысында Назерке Болатбек үш кездесуде де жеңіске жетті. Ал жартылай финалда ол Мысыр спортшысы Заки Малакқа жол берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз