Жас теннисші Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жұптық сайыстың жартылай финалында Даниэль Тазабеков жапониялық Такамаса Кавагутимен бірге франциялық Марк Доменик пен Дени Жадені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Даниэль Тазабеков пен Такамаса Кавагути Беларусь өкілі Ричард Лациске және ресейлік Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз