Жас талант Жәния Бекмұхамбетова Сауд Арабиясында үздік атанды

Жас талант Жәния Бекмұхамбетова Сауд Арабиясында үздік атанды
Фото: ҰОК

Спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде үздік атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жәния Бекмұхамбетова осы турнирде алты матч өткізіп, олардың барлығында да жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget