Жас хоккейшілер ойында жаппай төбелескен видео тарады

Хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында командалар жаппай төбелесті. Ойынның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Мұз айдындағы оқиға "Ақтөбе" және "Горняк" клубтарының арасындағы ойынның үшінші кезеңінде болған. 15 жастағы хоккейшілер жаппай жаға жыртысқан. 

"Бастысы жарақат алып қалмаңдар, егер төбелесуге бел бусаңдар 1-ге 1 шығыңдар. Жаппай төбелесу мен жабылу жат қылық. Бәрің бір мақсатта жүрсіңдер. Сондықтан әркез құрметтей білу керек, - деп жазады "Головой об лед" парақшасы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!