- Негізгі бет
- Спорт
- Жарыс алдында танымал...
Жарыс алдында танымал теннисшінің сүйіктісі қайтыс болды
Белгілі хоккей маманы, "Салават Юлаев" командасы бас жаттықтырушысының кеңесшісі Константин Кольцов қайтыс болды. Ол сүйіктісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) жарыста қолдау үшін Майамиге барған.
Спорт маманы 42 жасында өмірден өтті. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. "Салават Юлаев" командасы Константиннің қайтыс болғанын растап, туыстарына көңіл айтты.
"Салават Юлаев" командасының жаттықтырушысы Константин Кольцовтың қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол күшті, өмірге құштар жан еді, оны өз ортасы мен ойыншылар, әріптестері, жанкүйерлері жақсы көрді, құрметтеді. Константин біздің командаға өз атын жазып қалдырды. Ресей чемпионатын және Гагарын Кубогын команда сапында ойнап жүргенде ұтып алды, жаттықтырушы ретінде де үлкен үлес қосты. Ағайын-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп хабарлады ресми мәлімдемеде.
Константин Кольцов пен Арина Соболенко 2021 жылдан бастап кездесе бастады. Хоккейшінің алғашқы әйелінен үш баласы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Арина бүгін басталатын Майамидегі жарыстың фавориті болатын. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай