Бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері Санжар Тәшкенбай әкесіне жаңа көлік сыйлап, бала күнгі арманын орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 жастағы боксшы әлем чемпионатының алтыны үшін берілген сыйақысына әкесіне Lexus LX 570 көлігін сыйлады. Бұған дейін медаль иегері таксист болып жұмыс істейтін әкесінің қиын тағдыры туралы айтқан еді. Ата-анасы Санжардан бөлек бес бала тәрбиелеп отыр.
"Ассәлямуалейкум Қазақ елі! Аллаға шүкір кеше асқар тау-әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші, осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Екіншіден, әке - анамыздың арқасы, барлығыңызға жұғысты болсын", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары спортшының бұл әрекетіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Ата-ананың бар үміті сенде, оларды қуанту бір бөлек қой шіркін! Бізге де осылай қуанту бұйырсын", "Қарапайымдылықтыі әрі шынайылықтың нағыз болмысы", "Керемет, қандай тәрбие, ата-анаға деген құрмет. Жарайсың, Чемпион! Бізге де жұғысты болсын!", "Құтты болсын, игілікке, тойға мініңдер", - деп жазған олар.
Айта кетейік, 19 жастағы Санжар Тәшкенбай - Азия чемпионы. Ал былтыр жастар арасында әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған.
Еске салайық, бұған дейін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. 48 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!