Жансая Әбдімәлік Польшадағы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында Польшада өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Бұл туралы спортшы академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлады.

Халықаралық жарыс 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Польшаның Ворцлав қаласында өтті. Жарысқа Польша ұлттық құрамасының шахматшылары мен Еуропаның танымал гроссмейтілері қатысты.

Жансая Әбдімәлік 9 ойын өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Төрт ойынын тең аяқтады. Нәтижесінде 7 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, гроссмейстер.