Испания атынан шығатын тегі венесуэлалық боксшы Энрике Луис қазақстандық Жаңқош Тұраровқа үн қатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
11 желтоқсанда боксшылар Алматы төрінде рингке шығады. Бұл жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental белбеуі сарапқа салынады. Луис белбеуді алып кететінін мәлімдеді.
"Армысыз, бокс сүйер қауым. Мен венесуэлалық Луис Энрике Ромеро, Испаниядан Қазақстанға ұшып келемін де, IBO белбеуін алып кетемін. 11 желтоқсанда, күтіңіздер!" - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!