- Негізгі бет
- Спорт
- Жанқош Тұраров Шавкат...
Жанқош Тұраров Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегіне болжам айтты
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың (16-0) келесі жекпе-жегіне болжамын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
5 наурызға қараған түні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада UFC 285 турнирі өтеді. Бұл кеште Рахмонов америкалық Джефф Нилмен (15-4) жұдырықтасады.
"Шавкатты үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Жеңіске жетсе ол ең мықтылар қатарына кіреді. Ол чемпион болады деп ойлаймын. Ол UFC-дегі ең мықтылардың бірі және 5 наурызда осыны дәлелдейді. Мен оған сенемін. Қазақстандықтарды наурызда қуантамыз. Шавкат бесінде, мен 21 наурызда. Мен Шавкатқа жанкүйер болып, жекпе-жегін тамашалаймын. Ал елге оралғанында оны менің бокс кешімде құрметті қонақ ретінде күтемін, - деді Тұраров.
Еске салайық, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (16-0) америкалық қарсыласы Джефф Нилмен (15-4) көз арбасты. Ресми рәсімнен кейін қол алысып, тату тарасты.
Екі спортшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы UFC 285 турнирі аясында өтеді. Жартылай орта салмақта өзара мықтыны анықтайды. Қазақстандағы уақыт бойынша 5 наурыз күні таңда шығады.
Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың UFC-де алғаш рет қазақша сөйлегенін жазған едік.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін UFC-де 4 жекпе-жек өткізді. Оның барлығында қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан