- Негізгі бет
- Спорт
- Жанқош Тұраров бокстан...
Жанқош Тұраров бокстан әлем чемпионы атанды
Бүгін, 21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес болды.
Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 10-раундтың басында мексикалықтың көзінен қан кетті. Дәрігер оған жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген, бірақ командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Әлі жеңіліп көрмеген Тұраров үшін бұл 27-жеңісі болды. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!