18 желтоқсан күні Елордада өтетін ірі бокс кешіне қатысатын тағы бір қазақстандық боксшының есімі белгілі болды. Ол – Жанқош Тұраров. Қазақ бокшысының бұл жолғы қарсыласы кім болары әлі белгісіз.
Айта кеткен жөн, 18 желтоқсан күні Елорда төрінде өтетін бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) өнер көрсетпек. IBO чемпиондық белбеуін алу үшін бокстасады.
Бокс кешінде аса ауыр салмақта ел намысын қорғап жүрген Иван Дычко (10-0, 10 КО) да рингке шығады.
Тағы бір айта кетерлігі – осы кеште 55,3 келі салмақтағы Ержан Залилов пен Ескендір Харсановтың кездесуі. Екі боксшы қазақстан чемпионы атануға кімнің лайықты екенін анықтамақ. Бұл чемпиондық атаққа талас Қазақстанда 20 жылда бірінше рет өтіп отыр.
Жанқош Тұраровтың бокс кешіне қатысатыны пафосты видеомен таныстырылды. Шпиондық видеоойын түрінде түсірілген. Бункерге шпион боп кірген боксшының менеджері Зия Алиев құпия құжаттардың арасында Иосиф Сталин мен Александр Пушкинмен қатар Жанқош Тұраровтың да құжаты тұрғанын байқайды.