- Негізгі бет
- Спорт
- Жанбота Алдабергенова әлем...
Жанбота Алдабергенова әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында аяқталған фристайл-акробатика мен могулдан әлем кубогының алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Акробатика түрінде өнер көрсеткен Жанбота финалда 77.43 балл жинап, қола жүлдегер атанды. Бір қызығы, қазақ спортшысы тура бір жыл бұрын осында өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде де қола алған. Ол кезде Алдабергеноваға 80,04 ұпай жеткілікті болған. Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді.
Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері Марион Тено (Канада) жеңіп алса, күміс Даниэль Скоттың еншісінде кетті. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болғанын айта кетейік.
Фристайл-могулда Ұлттық құрама спортшыларынан ең жоғарғы сатыға Павел Колмаков тұрақтады. Ол жекелей сында бесінші болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай