Жәнібек үшінші титул үшін айқасқа дайындала бастады

Жәнібек үшінші титул үшін айқасқа дайындала бастады
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы(17-0, 12 KO) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәнібек үшінші титул үшін айқасқа дайындықты бастағанын хабарлады, алайда қарсыласын әлі атаған жоқ.

"Үшінші титулды алу жолында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр! Құдай қаласа тарих жасалады!" – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

Айта кетейік, бұл дивизионда қазақстандыққа абсолют атану үшін қажет белбеулерге ие екі боксшы бар. Олар - WBC чемпионы, кубалық Эрисланди Лара (31-3, 19 KO) және WBC титулының иегері, доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO).

Еске салайық, 5 сәуірде Астанада Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, титулдарын сәтті қорғады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget