Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні нақты анықталды

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні нақты анықталды
Фото: ©boxingscene.com

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды.

Boxingscene.com ақпараты бойынша, бұл айқас 21 мамырда болады. Алайда айқастың нақты қайда өтетіні белгісіз. 

Еске салайық, Әлімханұлы мен Дигнум арасында кездесу өтетіні туралы кеше британдық боксшының промоутері Ли Итон хабарлаған еді. 

Дереккөз: kaz.vesti.kz

А. Жапатова