Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жекпе-жектен бас тартты
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы чемпиондық атағынан бас тартқанын ресми түрде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Queensberry Promotions промоутерлік компаниясы WBO-ға Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті жекпе-жекке шықпайтынын хабарлаған. Жәнібек бұл кездесуге ресми міндетті үміткер мәртебесін алған еді.

Ұйымның мәліметінше, промоутерлік сауда қорытындысы бойынша белгіленген шарттарды қарастырғаннан кейін Шираз чемпиондық белбеуін өз еркімен босатуға шешім қабылдаған.

"WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешіміне құрметпен қарайды. Сондай-ақ, боксшылар мен олардың командалары спортшының мүддесіне сай деп тапқан жағдайда кәсіби мансабына қатысты шешімді өздері қабылдауға құқылы екенін мойындайды", - делінген WBO мәлімдемесінде.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WBO (@worldboxingorg) жариялаған жазба

Шираздың Әлімханұлы туралы мәлімдемелері

Ұлыбританиялық боксшы WBO-ның қазақстандық спортшыны міндетті үміткер ретінде бекіту туралы шешіміне көңілі толмайтынын айтқан. Тіпті Әлімханұлының екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атануына WBO-дағы жемқорлықтың қатысы болуы мүмкін деген пікір білдірген.

Сондай-ақ, Шираз белгілі журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында WBO шешімін "күлкілі" әрі "бокс үшін масқара жағдай" деп атады. Оның айтуынша, ұйым мельдонийге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен боксшыға осылайша артықшылық беріп отыр.

Енді ұлыбританиялық боксшы ресми міндетті үміткермен жекпе-жек өткізбестен, WBO чемпиондық белбеуін өз еркімен босатуға шешім қабылдады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Hamzah Sheeraz-дан публикация (@hamzahsheeraz)

Бұған дейін Хамза Шираздың өкілдері жеңіліс көрмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекті өткізу құқығына арналған промоутерлік саудада жеңіске жеткен еді. Тіпті кездесудің алдын ала өтетін күндері мен қалалары да белгіленген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget