Теренс Кроуфордпен немесе WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге тамаша мүмкіндік туындайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Boxing247.com порталының журналисі Тим Комптон орта салмақтағы шиеленіс жоғары салмақ дәрежесіндегі абсолют әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың пайдасына шешілуі мүмкін екенін атап өтті.
Америкалық БАҚ мәліметінше, WBO және IBF тұжырымдары бойынша белбеулердің иегері Жәнібек Әлімханұлы биыл WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесу өткізуі ықтимал. Осы жекпе-жектен кейін жеңімпазға әлемнің абсолют чемпионы атағына үміткер болу үшін WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеспен бір ғана кездесу өткізу қалады.
"Орта салмақтағы IBF және WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері Эрисланди Ларамен кездеседі. Бұл айқастағы жеңімпазға Теренс Кроуфордпеннемесе WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге тамаша мүмкіндік туындайды. Кроуфордтың жылына бір рет қана жұдырықтасу әдетін ескерсек, оның Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Адамеспен абсолют чемпион атағы үшін кездескенін күтетін ықтималдығы жоғары. Осылайша, Кроуфорд бірден барлық төрт белбеу үшін айқасқа араласып, супер орта салмақта "Канело" Альвареспен болған кездегідей, ұзақ әрі қиын екі титулдық жекпе-жек жолынан өтуге мәжбүр болмайды", — делінген мақалада.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 2024 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек