Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады (видео)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жеңіспен бастады. Ұлттық құрама сапында биік белестерді бағындырып үлгерген отандасымыз Алматыдағы бокс кешінде колумбиялық Милтон Нуньесті жеңді. 

Жәнібек жекпе-жекті жылдам аяқтады. Қарсыласын бірден ауыр соққыларының астына алып, бірнеше есінен тандырды. Қарсыласы жұдырығын оңды-солды сілтеп, бірінші раундты аяқталуын күткенмен, Жәнібек бұл мақсатына жеткізбеді.

Айта кетейік, Жәнібектің қарсыласы 2010 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. Гена да колумбиялықты бірінші раундта ұтқан еді.