Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшымен жұдырықтасады

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 мамыр күні шаршы алаңға шығады. Ол канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады. 

Бокс кеші Калифорниядағы (АҚШ) "Стонтон Аренада" өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Отандасымыз өз атағын екінші рет қорғайтын болады. 

Ресми! Чемпиондық титулды екінші рет те сәтті қорғап, қазақ абыройын асқақтату бұйырсын! Әумин! - деп жазды боксшы instagram парақшасына.

Айта кетейік, Жәнібек алғаш рет чемпиондық атағын өткен жылдың қараша айында британдық боксшы Дензел Бентлиге (17-2-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте сәтті қорғап шыққан еді.