Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуін де қорғайтын болды

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белбеуін де қорғайтын болды
Фото: ©Top Rank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жегінде IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Бастапқыда Жәнібек IBF чемпиондық атағын ғана қорғайды деп айтылған. Кейіннен WBO президенті Франсиско "Пако" Валькарсель твиттер желісінде бұл ұйымдағы атағын да қорғайтынын жазды. 

Бокс кеші 4 қазан күні Сиднейде (Аустралия) өтеді. 

Айта кетейік, екі боксшы шілде айында жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Нәтижесінде, жекпе-жек кейінге шегерілген еді. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget