WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшы бұл жетістіктерімен шектеліп қалмайтынын, алдағы уақытта чемпиондық белбеулер санын көбейтуді көздейтінін аңғартқан.
"Үш салмақтың чемпиондық титулына апарар жолдамыз!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды. Ол 2025 жылдың аяғында кубалық Эрисланди Ларамен титул біріктіретін жекпе-жек өткізуге тиіс еді.
Алайда қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін кездесу өтпей қалды.
Кейін IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырып, оны 2026 жылғы желтоқсанға дейін жарыстардан шеттетті. Ал WBO өз тарапынан боксшыға бір жылдық дисквалификация беріп, чемпиондық титулды өзінде қалдырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!