Боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы тағы бір мәрте үн қатты. Бұл ақпарат Берік Сұлтанның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жәнібек ақ! Тыйым салынған ешқандай зат қолданбайды! Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Жәнібек те, мен де ештеңе жасай алмаймыз, біздікі тек күту! Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді. Бұдан да өтеміз", - деп жазды ол.
Оның айтуынша, қазір бүкіл мәселе жан-жақты зерттеліп жатыр.
"В сынамасынан да сол зат шыққан екен. Өкінішті әрине! Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады, соны күтіп отырмыз. Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтеріліп жатыр. Өйткені Жәнібек тыйым салынған зат қолданбаған! Күтейік ақырын!" - деді ол.
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы
Еске салайық, бұған дейін боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты бірнеше мәрте жауап берді. Олар таза екенін, тамақ та, дәрумен де баяғы қалпында екенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова