Жаңа қызметке келген Зинедин Зидан бір футболшыға қатысты тосын шешім қабылдамақ

Франция құрамасының бас бапкері Зинедин Зидан мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Ферлан Мендиді ұлттық командаға қайта шақыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

L’Equipe мәліметінше, жаңа бас бапкер 31 жастағы футболшының ойын деңгейін әлі де жоғары бағалайды және оны қайтадан ұлттық құрамаға шақыруға дайын.

Алайда қорғаушының оралуы бір ғана шартқа байланысты. Ферлан Менди толықтай жарақатынан айығып, өзінің бабына қайта келуге тиіс. Бұл талап орындалса, Зидан оны Франция құрамасының негізгі сол жақ қорғаушысы етуді жоспарлап отыр.

Ферлан Менди Зинедин Зиданның талаптарын жақсы біледі. Өйткені ол мадридтік "Реалда" дәл осы франциялық маманның жетекшілігімен өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болған еді.

Айта кетейік, ол осы уақытқа дейін ұлттық құрама сапында 10 матч өткізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!