Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейін алғаш рет жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада өтіп жатқан Naiza 55 турнирінің негізгі жекпе-жегінде оның қарсыласы жапониялық Масато Накамура болды. Жекпе-жек Жұмағұловтың нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін Жұмағұлов төрт жекпе-жекте қатарынан жеңілген еді. UFC-де қазақстандық жеті жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтауында жеңілген. Оның келісімшарты ұзартылмады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!