Әлемнің белді промоушені - UFC аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жек күнін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жалғас Жұмағұлов октагонға оралады! 19 қарашада өтетін турнирде оның қарсыласы Чарльс Джонсон болады", - делінген UFC-дің ресми парақшасында.
Ұйым мәліметінше, кездесу Лас-Вегаста (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді.
Айта кетейік, Жұмағұловтың қарсыласы Чарльс Джонсон бұған дейінгі кездесуінде ұлыбританиялық спортшы Мухаммад Мокаевтан төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілген еді.
Ал қазақстандық файтер UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, төртеуінде жеңілген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!