Жалғас Жұмағұлов жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жалғас Жұмағұлов жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Фото: Handout/Getty Images

Бүгін, маусымның 4-інен 5-іне қараған түні Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC аясындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді.

Қазақстандық файтер Лас-Вегаста (Невада) UFC Fight Night 207 турнирінде америкалық Джефф Молинамен кездеседі (10-2).

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 23:40-тан кейін басталады.

Жалғас Жұмағұлов пен Джефф Молина арасындағы жекпе-жекті UFC Fight Pass сайтында көруге болады.

Маусым айында Қазақстаннан Жалғас Жұмағұловтан бөлек Шавкат Рахмонов, Сергей Морозов және Дамир Исмағұловтар өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қырғызстан чемпионы Валентина Шевченко тағы бір титулды қорғайды.

Т. Раушанұлы