Жалғас Жұмағұлов жағымды жаңалығын айтты

Қазақстандық ММА файтері, OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы X әлеуметтік желісінде жазды.

"Қаласаңыз да, қаламасаңыз да, мен UFC-ге ораламын. Иншалла. Жыл аяғына дейін. Уақыт көрсетеді", - деді спортшы.

Еске салайық, қазақстандық спортшы UFC-мен алғаш рет 2020 жылғы ақпанда келісімшарт жасасып, онда жеті жекпе-жек өткізді. 2023 жылғы шілдеде 1-6 рекордымен лигадан кеткен болатын. Ол Раулиан Пайва, Амир Альбази, Манел Капе, Джефф Молина, Чарльз Джонсон және Джошуа Ваннан жеңіліп, жалғыз жеңісіне Джером Ривераны қылқындыру әдісімен жеңіп қол жеткізген еді.

Жалғас Жұмағұлов - еуропалық лиганың тұңғыш қазақстандық чемпионы

UFC-ден кеткеннен кейін файтер Oktagon лигасында төрт кездесу өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Жалғастың бразилиялық Игор Севериноға қарсы екінші белбеу үшін өткен соңғы жекпе-жегінде, екінші раундта Северино белден төмен тыйым салынған соққы жасады. Осыдан кейін Жұмағұлов айқасты жалғастыра алмады. Қалпына келуге берілген бес минут өткен соң, төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, оны өтпеді деп тану туралы шешім қабылдады.

OKTAGON лигасы - әлемдегі үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ең ірі MMA промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!