- Негізгі бет
- Спорт
- Жалғас Жұмағұлов Алматыдағы...
Жалғас Жұмағұлов Алматыдағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден сәтті өтті
Фото:
©Турар Казангапов/Vesti.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (15-9) Алматыда өтетін Naiza 57 турнирінің басты кездесуінде америкалық Кливленд Маклинмен (15-9) шайқасады. Бүгін спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.
Жекпе-жек кеші 24 ақпан күні өтеді. Спортшылар жеңілірек салмақта өзара мықтыны анықтайтын болады. Жалғастың салмағы 57,4 кило болса, қарсыласының салмағы 57,6 кило болды.
Айта кетейік, Жалғас UFC ұйымынан шыққаннан кейін желтоқсан айында Naiza лигасында бір жекпе-жек өткізіп, жапон файтері Масато Накамураны нокаутпен жеңіп шықты. Ал UFC-де 7 жекпе-жекке шығып, 1 рет жеңіске жетіп, 6 қарсыласына есе жіберді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай