Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымы құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды.
Ұйымдағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды хабарлайтын парақшада Жалғастың жекпе-жектері тоқтағаны жайлы ақпар берілген.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов әлемдегі ең үздік ұйымда 7 бірдей кездесу өткізді. 6 рет жеңіліп, 1 жекпе-жегін ғана жеңіспен аяқтады. Үш жекпе-жегінде төрешілердің екіге жарылған шешімі бойынша жеңілген алғашқы спортшы болды.