Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC 264 турнирінде америкалық Джером Ривераны бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Жекпе-жекті екі спортшы да ширақ бастады. Джером Ривера белсенді болуға бірден асықса, Жалғас қорғана жүріп қапысын тапты. Қарсыласын қылқындыру әдісіне салып, өзінің мықтылығын мойындатты.
Дәл қазір өте бақыттымын. Бірінші және екінші жекпе-жегім сәтсіз болды. Қазір ұйықтамай осы кездесуді елдегі жанкүйерлерім күтті. Солардың сенімін ақтау үшін барымды салдым, - деді Жалғас жекпе-жек соңынан.
Жалғас осыған дейін UFC-де өткізген екі жекпе-жегінде де қарсыласына жол берген еді. Осы жолы жеңіске бастар жолды тапты.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Порье шайқасады.