UFC 257 турнирінің шымылдығын ашқан жекпе-жекте жұдырықтасқан Жалғас Жұмағұловтың қанша табыс тапқаны белгілі болды.
"Сарбаздар аралындағы" кеште Жалғас Жұмағұлов швед файтері Әмір Әлбазимен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберіп, UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады.
Бұл жекпе-жекте Жалғас Жұмағұлов 13 500 доллар көлемінде табыс тапты. Оның 10 000 доллары жекпе-жекке шыққаны үшін, ал 3500 доллары апталық қаржысы.
Қарсыласы Әмір Әлбазидің табысы әлдеқайда көп. Ол 13 500 доллардан бөлек жеңіске жеткені үшін 12 000 доллар көлемінде сыйақы алды.
Қазақстандық файтер UFC-дегі алғашқы кездесуінде бразилиялық Раулиан Пайваға қарсы жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберген.