Қазақстан ұлттық құрамасы жағажай күресінен Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жарыс жолын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан сапынан үш спортшы жүлде үшін белдескенімен, медаль бұйырмады.
80 келіге дейінгі салмақта Ермахан Көшкінбаев қола жүлде үшін өткен белдесуде қытайлық Фэн Луқа 0:2 есебімен есе жіберді.
Әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта Бейбіт Сейдуәлі де қола медальға таласып, үндістандық Джасприт Каурдан 0:1 есебімен жеңілді.
Ал 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Алина Ертөстік қытайлық Ли Вэньцзиге жол берді. Қола жүлде үшін өткен белдесу 0:1 есебімен аяқталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз