Мәскеудің "Спартак" клубында жұмыс істеген италиялық бапкер Массимо Каррера "ТМД елдеріндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін бе?" деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Маман сұхбат барысында Қазақстан мен Беларусь құрамалары немесе осы елдердің клубтарынан ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екенін айтқан.
Массимо Каррера ұлттық құрамамен жұмыс істеу өзін кәсіби тұрғыда қызықтыратын үлкен сынақ екенін мәлімдеді. Сондықтан мұндай ұсыныс түссе, келісуге дайын.
Италиялық маманның пікірінше, Қазақстан мен Беларусь клубтарының еурокубоктарға қатысу мүмкіндігі кез келген бапкер үшін қызық.
Айта кетейік, 62 жастағы маман ешбір клубта жұмыс істемейді. Оның соңғы қызмет орны Италияның "Асколи" клубы болды. Ол бұл командадан 2024 жылғы қыркүйекте кеткен еді.
Еске салайық, қазір Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері жоқ. Команданың бұған дейінгі бапкері Талғат Байсуфинов болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!