Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарындағы нәтижесі үшін 255 мың доллар сыйақы алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан заңнамасына сәйкес Олимпиадада 1-6-орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйақы қарастырылған. Биыл ел намысын қорғаған 36 спортшының ішінен жүлделі орынға тек екеуі ілікті.
Надежда Морозова 3000 метр қашықта 6-орынға тұрақтады. Енді өзі де, жаттықтырушысы да 5 мың доллардан (шамамен 2,5 миллион теңге - еск.) алады.
Сурет: ҰОК/ Сали Сабиров
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль жеңіп алды, ол 250 мың долларға бағаланады (шамамен 124,5 миллион теңге - еск.). Михаил Шайдоровтың жеңісі - тарихи жетістік.
Сурет: ҰОК/ Сали Сабиров
Ақша қашан беріледі?
Заң бойынша мемлекет сыйақыны бір жылға дейін кешіктіруге құқылы. Бұл уақыт аралығында спортшылар допингке қатысты барлық тексерістен өтіп, қаражат резерв қорынан бөлінеді. Қазір нақты төлем мерзімі белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізгені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова