Қазақстанның жастар құрамасы грепплингтен Испаниядағы әлем чемпионатына аттанып, әуетасымалдаушының қиындықтарына байланысты Милан әуежайында түнеген, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым мәліметінше, бұл жағдай Миланнан ары қарай ұшу керек болған шетелдік әуекомпаниясы жоспарлаған транзиттік рейс жоқтығынан болған. Ал әуетасымалдаушысы жолаушыларға рейстің болмайтыны туралы алдын ала ескертпеген. Салдарынан бүкіл команда Испанияның Виго қаласына жете алмай, жолда қалған.
Команда әуежайда бір түнеуге мәжбүр болып, келесі күні ғана консулдық көмегімен турнир өтетін қалаға аттанған. Алайда Миланнан Испанияға дейінгі билетті спортшылар өз қалтасынан төлегендіктен, Қазақстан тарапы Iberia әуетасымалдаушысына шағымданып, ақшаны да қайтаруды талап етіп отыр.
Қазіргі таңда команда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Құраманың бас бапкері Тоқтар Зауырбек болған жағдайға қарамастан, балуандарымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!