Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Испаниядағы Boxam Elite-2024 турнирін 2 алтын медальмен аяқтады. 52 килоға дейінгі салмақта Жазира Орақбаева, +81 килода Ләззәт Күнгейбаева чемпион атанды.
Жарыстың финалына Қазақстаннан 9 боксшы шыққан еді. Оның жетеуі шешуші шайқаста қарсыластарына жол беріп, күміс медаль еншіледі. Олар – Әйгерім Сатыбаева (48 кило), Назым Қызайбай (50 кило), Әнел Сақыш (54 кило), Аида Әбікеева (63 кило), Мадина Нұршаева (70 кило), Гүлсая Ержан (75 кило) және Фариза Шолтай (81 кило).
Жарысқа әлемнің 31 елінен барлығы 208 боксшы қатысты. Командалық есепте Өзбекстан боксшылары бірінші орынды иеленді (4 алтын, 2 күміс). 4 алтын медальдан жеңіп алған Италия мен Филиппин құрамалары екінші және үшінші орынға тұрақтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!