Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан ұтылғандарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінің чемпионы анықталатын кездесуде испаниялық футболшылар 1:0 есебімен жеңді. Соңғы ысқырықтан кейін Лионель Скалони қарсыластың басымдығын мойындап, өз футболшыларына ризашылығын білдірді.
"Көңілім түсіп тұр, бірақ бар күшімізді салғанымызды да түсініп тұрмын. Бұл жерге қалай жеткеніміз туралы ұзақ айтуға болады, алайда қазір оның қажеті жоқ. Жігіттерге шексіз алғысымды білдіргім келеді. Олар бізге тағы бір әлем чемпионатының финалын сыйлады және соңына дейін бар жанын салды. Испания бүгін мықтырақ болды, бұл - шындық. Бірақ жігіттердің осы финалға дейін жету жолында атқарған еңбегін ешқашан ұмытпаймын. Мұндай деңгейге жету үшін орасан зор еңбек керек, соны бағалай білуіміз қажет. Бүгін жеңілісті де абыроймен көтере алатынымызды паш еттік. Бұл матчта ұтылдық, оны мойындаймыз", - деді Скалони ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова