Футболдан Испания Ла Лигасы атауы ең ұзын сөзден тұратын Уэльс елінің командасына демеуші болды. Клубтың толық атауы 58 әріптен құралған – "Clwb Pêl Droed Llanfairpwllgwyngyllgogerychwyrndrobwllllantysiliogogogoch.
«Лланфэйрпвллгвингиллгогеричвирндробвллллантисилиогогогоч» Уэльстің 5-лигасында бақ сынайды. Команда атауын қысқартып "Лланфэйрпвлл" деп те атайды. Жаңа келісім бойынша олардың жейдесіне Ла Лиганың жаңа логотипі орналастырылады. Демеушілік шарт 1 жылға жасалған.
Ла Лига – бұл Испаниядағы жай ғана футбол емес, бұл әлемдегі ең үлкен экожүйе деп айтуға болады. Себебі біздің ойындардан мыңдаған жанкүйер ләззәт алады. Осы жылы Ла Лиганы бренд ретінде одан ары таныту мақсатында, Ұлыбританиядағы жергілікті футболды қолдау нәтижесіндегі жұмысты жалғастырудамыз. Бұл біздің лиганың ұстанымы мен дамуына жол аша түседі, - дейді Ла Лиганың Ұлыбритания мен Ирландиядағы басқарушы директоры Киган Пирс.
Футбол клубы атауы жергілікті елдімекен құрметіне аталған. Онда "L" әріпі қатарынан 5 рет қосақталып айтылады. Бұл жерге ендігіде Ла Лига белгісі қойылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!