10-нан 11-ші шілдеге қараған түні Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалында Бельгия командасын жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін плей-офф кезеңінде испандар Аустрияны ойсырата ұтып (3:0), Португалиядан басым түскен болатын.
Ал бельгиялықтар болса, Сенегалмен ойында камбэк жасап, жеңісті жұлып алды, кейін АҚШ құрамасын ірі есеппен жеңді.
30-минутта испандар есеп ашты: Фабиан Руис қайтқан допты сәтті пайдаланып, нысанаға дөп тигізді.
Алайда 41-минутта жартылай қорғаушы Шарль де Кетеларе қапталдан асырылған допты голға айналдырып, таразы басын теңестірді.
Матч аяқталуға жақын қалғанда, 88-минутта қорғаушы Пау Кубарси айып алаңының сыртынан соққы жасады. Бельгиялық қақпашы доптың бетін қайтарғанымен, оған бірінші жеткен жартылай қорғаушы Микель Мерино торды дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.
Матчтің қорытынды есебі — 2:1.
Осылайша, Испания құрамасы ӘЧ-2026 жарты финалына жолдама алды, онда олар Франция командасымен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!