Испания корольдік футбол федерациясы (RFEF) ұлттық құраманың бас бапкері Луис де ла Фуэнтемен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
RFEF президенті Рафаэль Лусан қазіргі бапкер дәл осы құраманы 2030 жылы өтетін өз алаңындағы әлем чемпионатына дайындауға тиіс деп есептейді. Оның айтуынша, Луис де ла Фуэнтенің еңбегіне сай қаржы жөніндегі талаптары да ескеріледі.
"Луис де ла Фуэнте бізбен ұзақ уақыт бірге болады деп айтуға болады. Оның алдыңғы келісімшартын ұзартумен де өзім айналыстым. Ендігі мақсатымыз - келісімшарт талаптарын жақсартып, ынтымақтастығымызды жалғастыру. 2030 жылы бізді тарихи оқиға күтіп тұр және Луистің соның бір бөлігі болғанын қалаймыз", - деді Лусан.
Айта кетейік, 65 жастағы Луис де ла Фуэнтенің жетекшілігімен Испания құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатын және жуырда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды. Жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер алдағы айларда басталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз