Исламиада: София Актаева күміс жүлдеге ие болды

Исламиада: София Актаева күміс жүлдеге ие болды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз рапирамен семсерлесуден Исламиаданы екінші орынмен аяқтады.

Финалда ол Түркия өкілі Алара Атмакамен кездесті. Тартысқа толы өткен айқаста түркиялық спортшы 15:13 есебімен жеңіске жетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget