Исламиада-2025: Камила Аймұқашева таеквондодан қола жеңді

Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!