Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ислам Сәтпаев 50 метрден үш қалыпта мылтық атудан жеке сайыста өнер көрсетті.
Отандасымыз ақтық бәсекеде 348.3 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Алтын медальді қытайлық Чжан Чанхун жеңіп алды (360.5 ұпай). Күміс медаль оның отандасы Лю Юйкуньға бұйырды (360.2 ұпай).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз