Ислам Сәтпаев Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде бақ сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский және Никита Шахторин 50 метрден үш қалыпта мылтық атудан іріктеу кезеңіне қатысты.

Нәтижесінде Ислам Сәтпаев 584 ұпай еншілеп, финалға өтті. Ал Константин Малиновский мен Никита Шахторин жарысты аяқтады.

Жалпы Қазақстан құрамасы 1746 ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Қытай бірінші орын алса, Үндістан екінші орынға ие болды. Ал Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!