2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтан жатып ату жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл бағдарламада Никита Шахторин екінші орын алды.
Сондай-ақ, жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтан жылдам ату сайысында екінші орын алды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!