Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы 82 келіден жоғары салмақта ақтық сынға дейін жетті.
Финалда отандасымыз өзбекстандық Марат Мавлоновпен өзара мықтыны анықтады. Тартысты кездесудің қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Бауыржан Хасенов Ислам ойындарын күміс медальмен аяқтады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова