Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Ислам Евлоев Оңтүстік Корея өкілі Минхо Лиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ Ислам Евлоев басымдыққа ие болды.
Осылайша, қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова