Иса Ақбербаев Мәскеуде қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)

Иса Ақбербаев Мәскеуде қарсыласын бірінші раундта жеңді (видео)

Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев спорттық мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол кеше Мәскеуде жекпе-жек өткізіп, қарсыласы Игорь Караваевты бірінші раундта ұрып құлатты.

IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Иса Ақбербаевқа Беларусь елінің боксшысы төтеп бере алмады. Жекпе-жектің басталғанына 1 минут 23 секунд өткеннен кейін қазылар жұдырықтасуды тоқтатуды жөн деп шешті. Нәтижесінде отандасымыз кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Оның 10-ында мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.  Бір кездесуі жоспарланып өтпей қалған.

Негізінен, бұл жұдырықтасу WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы ресейлік Федор Чудинов пен аустралиялық Бен МакКлух жекпе-жегі аясында ұйымдастырылған еді. Бокс кешінің басты кездесуінде ринг иелерінің былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Сурет: vk.com

О. Сансызбай
Logotype Massaget