Ирандағы онлайн-платформаларың біріне Криштиану Роналдудың қолы түйген заттар сатылымға шыққан. Олар танымал футболшы Тегеранға келгенде тұтынған заттардан пайда тауып қалғысы келеді. Сатылымға шыққан заттар қатарында майлық, қарбыз бен кілемнің жібі де бар.
Дүйсенбі күні Роналду ойнайтын "Әл-Наср" командасы Тегеранға келді. Олар Азия Чемпиондар лигасы жарысы аясында "Персеполис" командасымен ойнайды.
Ирандықтар танымал футболшыға құрмет көрсетіп, парсы кілемін және шексіз пайдалануға болатын интернеті бар сим-карта табыстады.
Тегеранның футбол жанкүйерлері "Әл-Наср" командасы автобусын қаумалап, сүйікті футболшыларынан қолтаңба алып қалуға тырысуда. Ал команда ойын алдындағы жаттығуларын кейінге шегерді. Роналдудың қауіпсіздігін ерекше санаттағы президент күзеті бақылап жүр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!