ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының боксшысы Әбілхан Аманқұл 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шығады. Әбілхан өз спорттық мансабында бірнеше жетістікке жеткен тәжіибелі боксшы. Ол бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, спорт шебері, былтырғы жылы Гамбургте өткен әлем чемпионатының екінші орын иегері. 2016 жылғы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Галледе өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы және былтыр ұйымдастырылған Азия чемпионатының үшінші орын иегері. Азия ойындарының ашылу рәсімінде маған Қазақстанның туын алып жүру құрметі берілгені үшін өте қуаныштымын. Сайыс кезінде құрама спортшыларының жеңісі құрметіне туымыз бірнеше мәрте көкке желбірейді деп үміттенемін. Барлығымыз бұл додаға бұрыннан бері дайындалып келеміз, үздік нәтиже көрсетуге дәмеліміз және барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантқымыз келеді, - деді Әбілхан Аманқұл.