Илья Ильин екінші рет үйленді

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин шаңырақ көтерді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының таңдауы елордалық кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға түскен. Ерлі-зайыпты 12 қаңтарда Астанада үйленді.

"Махаббатқа, шексіз бақытқа және ең жақсы адамға "иә" дедім", - деп жазды спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Ильиннің бұл - екінші некесі. Ол 2017 жылы ажырасқан еді. Ол бұрын Қазақстан құрамасының гандболшысы Наталья Кулаковаға үйленген болатын. Олардың Милана атты қызы бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!